Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек: әдеби сазды кеш
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері ақын, философ, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 155 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Библио-шаңырақ» жобасы аясында «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек…» атты ақын әндерін насихаттап өткен жерлес әншіміз Келденбай Өлмесековты еске алуға арналған әдеби сазды кеш ұйымдастырды.
Өткізілген күні: 20 шілде 2013 жыл. Өткізілген орны: Орталық саябақта орналасқан киіз үйі. Қатысушылар: Шәкәрімтанушылар, кітапхана оқырмандары, пайдаланушылары. Қатысушылар саны: 21. Шараның мақсаты: Шәкәрімнің музыкалық мұрасын насихаттау және ақынның саз әлемін насихаттаушы К. Өлмесековты еске алу. Күтілетін нәтиже: Шәкәрімнің ән мұрасы туралы кітапхана қорында бар кітаптарды өз қажеттіліктеріне пайдалануы.
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері ақын, философ, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 155 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Библио-шаңырақ» жобасы аясында «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек…» атты ақын әндерін насихаттап өткен жерлес әншіміз Келденбай Өлмесековты еске алуға арналған әдеби сазды кеш ұйымдастырды. Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі халқымыздың тарих тереңінен бүгінге жалғасып келе жатқан аса бай мәдени, рухани қазынасын түгендеу мен бағалаудың құрамдас бір саласы. Ал туған халқының мәдени мұраларын жинақтау мен зерттеу адамзаттың қай ұрпағы үшін де мәртебелі міндет саналған.Осындай игілікті істерді атқаруда, яғни Шәкәрімнің музыкалық мұрасын халықымен қайта қауыштырған, ақын әндерін насихаттаушы Келденбай Өлмесеков. Әнші тек орындаушы ғана емес, терең білімді шәкәрімтанушы, әрбір әннің шығу тарихын, туу себебін тыңдаушыға жете түсіндіре алатын тамаша насихаттаушы, «Шәкәрімнің музыкалық мұрасы» және «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты лекция-концерттерімен Республикамыздың әр өңірінде болып, баба мұрасын насихаттап өтті. Сонымен қатар Келденбай Өлмесеков Ахат Құдайбердиев, Ниязбек Алдажаров, Қабыш Керімқұловтай Шәкәрімнің ән мұрасы мұрагерлерінің алдын көріп, солардың өнер мектебінде дәріс алған.
Шараға ақын әндерін жинастырып, нотаға түсіруші, «Рухани жол» кітабының авторы Арғынбек Ахметжанов, шәкәрімтанушы Мұрат Сұлтанбеков қатысып, ақынның әдеби мұрасымен қоса, музыкалық мұрасы туралы тың деректерді айта отырып, оқырмандармен ой бөлісті. Шара барысында оқырмандар тарапынан Арғынбек Ахметжановқа Шәкәрімнің «Жиырма үш жасымда» атты әні туралы сұрақ қойылып, осы әннің шығу тарихы мен нотаға түсірілуі туралы жан-жақты әрі толық жауап алынды. Шара соңында Келденбай Өлмесеков репертуарындағы ақынның «Бұл әні бұрынғы әннен өзгерек», «Жиырма үш жасымда» әндері Қ.Ж. Нұрқасымның орындауында тыңдалды.
Ақынның ән мұрасы мен әншінің шығармашылығын танып-білудегі жастарға берер тағылымы мол шараның соңында кеш қонақтары мен оқырмандары кітапхана ұжымына ризашылығын білдіріп, пікір-ұсыныс кітабына ізгі тілектерін жазып қалдырды.