Әлемге танылған тұлға: әдеби-сазды танымдық сағат
Ұлы кемеңгер ақынымыз Абай Құнанбаевтың туған күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы мен Семей қалалық білім басқармасы бірлесіп Қ.Мұхаметхановқа арналған алаңда 9 тамыз күні «Әдеби-сазды танымдық сағатын» өткізді.
Өткізілген күні: 9 тамыз 2013 жыл. Өткізілген орны:Қ.Мұхаметқанов ескерткішінің алаңы . Қатысушылар: қалалық орта мектептердің оқушылары, ұстаздары, кітапхана оқырмандары. Қатысушылар саны: 85. Шараның мақсаты: Абайдың өнегелі өмірін баяндап, Абай бойындағы асыл қасиеттерден үлгі алуға тәрбиелеу, ұлы адамдарға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Күтілетін нәтиже: Абай шығармаларының кітапхана қорында бар кітаптарын өз қажеттіліктеріне жарату.
Ұлы кемеңгер ақынымыз Абай Құнанбаевтың туған күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы мен Семей қалалық білім басқармасы бірлесіп Қ.Мұхаметхановқа арналған алаңда 9 тамыз күні «Әдеби-сазды танымдық сағатын» өткізді.
Ақынның туған күніне орай, жыл сайын Абай атындағы әмбебап кітапханасы іс- шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Өйткені Ұлы ақынның аты кітапханамен тығыз байланысты. Қоғамдық кітапхананың алғашқы оқырмандарының бірі қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаев болғандығын М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан, Қ.Мұхаметхановтың зерттеулерінен блеміз. Шараға қалалық орта мектептің ұстаздары мен оқушылары, мәдениет саласының мамандары, кітапхана оқырмандары қатысты. Заманында Абай оқыған әдебиеттер әлемін таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шараға «Әлем таныған ұлы тұлға» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды.
Көрмеге ақын шығармалары: қара сөздері, өлеңдері, мерзімді басылым беттеріндегі Абайға арналған мақалалар мен Қ.Мұхаметхановтың, М.Мырзахметовтың, М.Сұлтанбековтың және т.б. абайтанушылардың еңбектері қойылды.
Қатысушылардың назарын ерекше аудартқан кітапхананың «алтын қоры» болып саналатын, заманында Абай оқыған Батыс Еуропа ойшылдары Спенсер, Тэйлор, Дрепер, Уоллэс, Милль, Шекспир, Гете, Шиллер, Гейне, Байрон шығармалары мен орыс әдебиеті классиктері Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Щедрин және т.б. әдебиеттер болды.
Шара барысында Республикалық «Абай» журналының редакторы ақын М.Оспанов, Абайдың Мемлекеттік қорық- мұражайының аға ғылыми қызметкері М.Оразалина мен қалалық Білім бөлімінің маманы Нұргүл Сайлауқызы кемеңгер ақынымыз Абай Құнанбаевтың шығармашылығынан ақпарат беріп, ақынның мол мұраларына тоқталды. Қалалық №37, 3, 35 орта мектептерінің оқушылары Ұлы ақынның өлеңдерін оқып, өз өнерлерін көрсетті.
Семейдің қоғамдық кітапханасы Абайдың ой-өрісін кеңейтіп, дүниеге көзқарасын өзгерткен ғылым-білім университеті, таным баспалдақтары болды. 1885 жылы американдық жазушы, публицист, саяхатшы Джордж Кеннан сот мекемесінде қызмет ететін А.А.Леонтьевтен Семей қаласының ортасында, шағын ағаш үйде орналасқан кітапхана қорынан Спенсер, Бокль, Льюис, Милль, Тэйлор, Уоллэс шығармаларымен әлемдік көркем әдебиеттің тамаша үлгілерін оқып жүрген Абай Құнанбаев деген қазақтың бар екенін естіген. Ибрагим Конобай (Ибрагим Құнанбаев) жайлы ол «Сібір және сүргін» кітабында жазады. Американдық саяхатшының Абаймен кездескісі келгенімен оның сәті түспеген.
Дайындаған:
Жарнама және көпшілік іс-шаралар бөлімінің маманы Майгуль Сеитқажықызы
Байланыс телефоны: 52 01 44