«Ағылшын мұғалімдерінің қауымдастығы: дамуы мен болашағы»: семинар
2019 жылдың 19 қыркүйегінде экономикалық лицейде қала және қала маңындағы аудандардың жас ағылшын тіл мұғалімдері үшін «Ағылшын мұғалімдерінің қауымдастығы: дамуы мен болашағы» атты семинар өтті.Бұл семинар Семей қаласының ағылшын тілі мұғалімдерінің жергілікті қауымдастығының (TES) жұмысын қайта жандандыруға бағытталған және оған қатысу қалалық және қала маңындағы мектептердің мұғалімдеріне тек мұғалім ретінде ғана емес, сонымен қатар конференциялар мен тренингтерде сөз сөйлеуге дайындалуға, мұғалімдердің кәсіби көкжиегін айтарлықтай кеңейтетін жобаларға, халықаралық жобаларға қатысуға мүмкіндік береді.
Lingua Town мектебінің директоры Е.Михеева «Қазіргі әлемдегі мұғалімнің рөлі туралы» баяндама жасады. (ТЭС) Президенті Н.Зеленская «Семейдегі ағылшын тілі мұғалімдерінің жергілікті қауымдастығының жұмысы туралы» әңгімеледі. Семинар барысында ағылшын тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Б. Жақыпованың, қала маңындағы мектептердің үйлестірушілері М.Боразенцова, Е. Украинченко, Е. Анохина және т.б. өз ойларын ортаға салды. Олар өздерінің кәсіби білімдерімен, 2015-2019 ж.ж. KazTEA конференцияларына қатысу тәжірибесімен, презентацияға дайындық, студенттерге ағылшын тілін үйретудегі практикалық тәжірибелері көрсетілген постерлермен бөлісті.
Ағылшын тілі мұғалімдеріне көмек ретінде Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасының қызметкері А.Валиуллина презентация дайындап, мұғалімдерді ресурстық орталық және кітапхана қызметтерімен таныстырды. Оқытушыларға ағылшын тіліндегі «Форум» журналдары, қазақ және орыс тілдеріндегі кітапхана тарихы туралы буклеттер, кітапхана ұйымдастырған іс-шаралар мен жарнамалар туралы үнпарақтар үлестірілді.
Шара қатысушылар шағын топтарда жұмыс сессиялары өткізіліп, онда қатысушылар «жылдам байланыс» серіктестігінің мүмкіндіктерін талқылады, конференция жұмысы бойынша сауалнама жүргізіліп, әдістемелік құралдардан лотерея өткізілді.