Біздің футболдың аңыздары мен құпиялары: өлкетану қонақжайы
22 қыркүйекте «Прииртышье» Өлкетану қоғамы, «Туған қала» ҚҚ және Абай атындағы кітапхана ұйымдастырған өлкетану қонақжайы өзінің ағартушылық қызметін жалғастырды. Семей қаласының қала күні қарсаңында «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» қолдауымен өткен дәріс Достық үйінің конференц-залында өтті.
Кіші отан тарихын білу, әрбір адам баласына, біздің әрқайсымыз үшін маңызды , қажет дүние екені даусыз.
«Семей-Қазақстан футболының отаны» акциясы мен «Рухани жаңғыру» жалпы мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілген шараға келген қала тұрғындары Қазақстан аумағында футболдың пайда болу тарихымен байланысты көптеген құпиялармен, 1913-1923 жылдар аралығындағы қазақ даласындағы футболдың қалыптасу кезеңімен танысты. 20 жылдан астам уақыт бойы қазақстанның спорт пен футбол тарихын зерттеу мәселелерімен айналысып келе жатқан дәріскер Сарсеков Станислав белгілі «Ярыш» футбол командасынан басқа қаламызда тағы төрт футбол клубы бар екендігі және Қазақстан мен Ресейдің мұрағаттары мен кітапханаларынан табылған құжаттық фактілерді келтіре отырып баяндады.
Қала тұрғындары 90 жылдан астам уақыт бойы футбол жанкүйерлерінің бірі болып жүрген Салих Габдулловичпен танысып, пікір алысты. Ал «Ярыш» командасының сирек экспонат – эмблемасы туралы татар өлкесінің тарихы бойынша өлкетанушы-Шауқат Файзулин әңгімелеп берді. Сондай – ақ қонақтар арасында қала әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімов мырзада қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар Ляхов А, Мальцев В (Алматы), Чернов В, Антонов, В.(Өскемен), Қожамқұлов Ж. (Қызылорда) сынды белді спорттық журналистердің шараға қатысуы біз үшін үлкен мәртебе болды. Шарада қорытынды сөз алған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бастығының орынбасары Пазына Ю. С. Семейдегі футболдың даму тарихы, өз уақытында қаланың футбол командасы үшін әнұран жазылғаны туралы мақтанышпен айтты.
Дәріске қатысушылар футбол тарихынан сыр шертетін бейнетүсірілімдер мен фотосуреттердің сирек кездесетін кадрларымен танысып, қазақ футболының тарихы, «Ярыш» футбол командасы жайында мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар топтамалары және әдебиеттерімен жасақталған кітап көрмесін тамашалады. Шараға қатысқан қонақтарға «Алғашқы қадамдар» атты журналы салтанатты түрде табысталды.