Ана тілім – менің досым: поэзиялық сағаты
20 қыркүйекте Абай кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері Қазақстан халықтарының тілдер күнін мерекелеу аясында, мемлекеттік тілге және Қазақстанның этностарының тілдеріне құрметпен қарауды дамыту мақсатында №47 мектептің 5«б» сынып оқушыларына «Ана тілі менің досым» атты поэзиялық сағат өткізді.
Жыл сайын 22 қыркүйекте Қазақстанда тілдер күні атап өтіледі. Бұл барлық қазақстандықтар үшін ортақ мереке.
Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстандағы тіл саясатын дамыту, Қазақстанда тұратын этностардың тілдерінің мәні мен рөлі, мәдениеті, туралы ақпарат берілді, қатысушыларға татар және ұйғыр тілдерінде өлең оқу мүмкіндігі ұсынылды. Қазақстан, Отан, Туған жер туралы әр елдің тілдерінде жазылған өлеңдерді жігерлі үнмен, әрбір өлеңді нақышына келтіре оқыған оқушылар Тұрсынова Айнара, Өтешов Алишер, Серікбекұлы Айсұлтан, Тоқтасын Қарақат, Нұрқабыл Балауса ерекше көзге түсіп, балдырғандарды бір серпілтіп тастады.
Шара “Тіл – халық байлығы”атты кітап көрмесімен жалғасты. Көрмеде ҚР тіл туралы заңы, А.Байтұрсыновтың «Тіл тағлымы», А.Ә.Османның «Тіл тәуелсіздігі-Ел болашағы», Ө.Айтбайұлының «Тілтірек», М.Балақаевтың «Қазақ тілі мәдениеті» атты кітап қорындағы әдебиеттер, тілдерді үйренгісі келетін оқырмандар үшін қазақ-орыс, қазақ-неміс тіліндегі сөздіктер, тұрмыстық және іскерлік сөздіктер, мектеп оқушыларына арналған тілашар және мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар топтамаларына шолу жасалынды.