Ата заңның мәртебесі: мерзімді басылымдар көрмесі
26 тамыз 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімінде кітапхана оқырмандарына арналып «Ата заңның мәртебесі»: мерзімді басылымдар көрмесі назарға ұсынылды.
Өткізілген уақыты: 26 тамыз 2013 жыл. Өткізілетін жері: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар саны: 11 адам. Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының азаматтарын өз құқықтарын қорғай алатынын, барлық адам тең құқылы екендігін түсіндіру, жастардың дүниетанымы мен қоғамдық санасының қалыптасуына әсер ету. Күтілген нәтиже: Конституцияның баптары ондағы адам құқықтары туралы мерзімді басылымдар беттеріндегі жарияланған мақалаларды жоғары деңгейде ашып көрсету.
26 тамыз 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімінде кітапхана оқырмандарына арналып «Ата заңның мәртебесі»: мерзімді басылымдар көрмесі назарға ұсынылды. Қазақстан Республикасының Конституция – еліміздің негізгі Заңы. Ол күллі қазақстандықтарға қызмет етеді. Конституцияда Республикамыздың ішкі, сырты саясатының негізгі бағыттары берілген. Бейбітшілікке құштарлығымыз, барлық мемлекеттермен тату көршілік пейіліміз жазылған. Ұлтына, дініне, нәсіліне қарамай, адамның, азаматтың құқығы ардақ тұтылатыны айтылған.
Көрмеге қатысушыларға 1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз – еліміздің Конституциясы қабылданып, бұл күн былтырдан бері «Қазақстан Республикасының мерекелері» заңына сәйкес мемлекеттік мерекелер тізіміне енгендігі және Республика Консти-туциясының күні- барлық Қазақстан халқы мерекелейтін жалпы мемлекеттік мейрамға айналғандығы жайында қысқаша мағлұматтар берілді.
Көмеге шолу барысында Конституция халықтың тікелей қатысуымен референдум арқылы қабылданғандығы, қалыптасу тарихына ерекше назар аударылды және Ата заңдағы адам құқықтарына қатысты жалпыға бірдей декларацияның кейбір баптары туралы түсініктемелерге сипаттама беріліп өтті.
Осы ұйымдастырылған мерзімді басылымдар көрмесіне беттерінде осы тақыпта жарияланған мақалар мен деректер және сұхбаттар бар көптеген газет-журналдар қойылды. Яғни, «Егемен Қазақстан», «Заң және заман», «Фемида», «Қазақ елі», «Заң газеті», «Экономиа» т.б. барлығы 21 мерзімді басылымдар және 5 Интернет ресурстар оқырмандар назарына ұсынылды.