Шығыс Қазақстан өңірінің аңыздары: ақпарат сағаты
2019 жылдың 1 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Шығыс Қазақстан өңірінің аңыздары» тақырыбында Қазақ инновациялық университетінің студенттеріне арнап ақпарат сағаты өткізілді.
Іс-шара басында студенттер үшін кітапханаға саяхат ұйымдастырылды, оның барысында кітапхана қызметкерлері кітапхананың құрылу тарихы, бөлімдері мен ақпараттық ресурстары туралы ақпарат берді.
Табиғаты көркем, шұрайлы өңірдің бірі – Шығыс Қазақстан облысы. Халық аузында мұндағы әрбір тау мен тастың, өзен мен көлдің шығу тарихы жайлы аңыздар да көп.
Ақпараттық сағат барысында қатысушыларға Шығыс аймағындағы қасиетті жерлерге қатысты аңыздар, соның ішінде Қоңыр-Әулие үңгірі, Сибинское көлдері, Ырғызбай ата кесенесі, Жидебай шатқалы және облыстың басқа да қызықты қасиетті орындары, олар табиғаттың көрікті бұрыштарында орналасқан. Сонымен қатар судың емдік қасиеттері мен өзіндік ерекше аңыздары бар.
Әсіресе кітапханамыздың сирек қорында сақталған Орыс Императорлық географиялық қоғамының 1912 жылғы Жазбаларында В.А. Брюхановтың «Қоңыр Әулие» мақаласы ақпарат сағатына қатысушы студенттердің үлкен қызығушылығына ие болды.
Іс-шарада әдебиеттер мен мерзімді басылымдардан дайындалған «Шығыс Қазақстанның киелі жерлері» атты көрме ұйымдастырылып, «Шығыс Қазақстан өңірінің киелі орындар картасы» атты бейнематериалдар мен слайд-шоу көрсетілді.