Елін сүйген, елі сүйген Елбасы: кітап көрмесі
29 қараша күні Казақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында кітапхана қызметкерлері елбасының ерен еңбегін дәріптеу мақсатында Азаматтық қорғау жоғарғы колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты ашық сабаққа қатысып, өз тарапынан қатысушыларға арнап «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Шараға ақын абайтанушы Мурат Сұлтанбеков ,ата-аналар қауымы, ұстаздар және студенттер қатысты.
Кітапхана қызметкерлері Елбасының Семей жеріне жұмыс сапарымен келген фото суреттері көрсетіліп, Ұлт Көшбасшысының тұлғасын, мемлекетімізідің тәуесіздік жолындағы еңбектерін айқындайтын арнайы жасақталған кітап көрмесіне шолу жасады. Көрмеге «Елмен сырласу», «Қызмет хроникасы», «Елбасы сыныптастары», «Тәуелсіздік дәуірі» «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітаптармен жақын танысып, студенттер қызығушылықтарын танытты.