Өлең, мен сені аялап өтем: әдеби-музыкалық кеші (Ф.Оңғарсынованың туғанына 80 жыл)
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханада 6 желтоқсан күні, 2019 жыл – Жастар жылына орайластырып, «Шабыт» жас ақындар клубының аясында, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына, жастарға ер ақын туындыларын таныстырып, көпшіліктің әдебиетке деген құмарлығын оятып, әдеби талғам, мәдени өре қалыптастыру мақсатында «Өлең, мен сені аялап өтем» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Қазақтың аса көрнекті ақыны, төл әдебиетімізде төрден орын алатын, жұртшылықтың сүйікті ақынына айналған Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы мен өмір жолдарымен бастаған жүргізуші Бауыржан Игілік ақынның «Қыз сезімі», «Ақ махаббат» өлеңдерін қатысушыларға гитарамен орындап берді.
Шараға Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Дулат Бабатайұлы атындағы ақындық мектебінің тәрбиеленушілері ат салысып, өлеңдерін оқып, әдеби монтаж көрсетті, ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, арнау жырларын оқыды. Аталмыш шараға Шәкәрім университетінің, М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің және Қаз ИГЗУ студенттері қатысты.
Қазақ мәдениеті мен әдебиетіне зор үлес қосқан ақынның шығармашылық келбетін айшықтайтын аталмыш тақырыпта кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.