Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл: кітапханалық кинозал
6 желтоқсанда қазақстандық жазушы Әбіш Кекілбаевқа 80 жыл толды, осы күні Абай атындағы кітапханада кітапхана мамандары және оқырмандары үшін «Әбіш Кекілбаев – 80 жыл» деректі фильмі көрсетілді. Деректі фильм аудиторияны жазушының шығармашылығымен, оның өмірлік ұстанымдарымен және қоғамдық қызметімен таныстырды. Фильмде Әбіш Кекілбаевтың өмірі жайлы бейнероликтер, студенттік шақтары туралы айтылған Ә. Кекілбаевтың әйелі Клара Жұмабаеваның сұхбаттары, Мұхтар Әуезовпен достығы айтылды. Жазушының қоғамдық қызметіндегі серіктестері – Смағұл Елубаев, Дулат Исабеков, Сұлтан Оразаұлы, Алдан Смайыл, Әкім Тарази, Мырзатай Жолдасбековтардың сұхбаттарынан көрермен қауым Ә.Кекілбаевтың шығармашылығымен жан-жақты танысты. Деректі фильмде қолданылған көптеген фотосуреттер Әбіш Кекілбаевтың сан қырлы тұлғасын ашты. Жазушының қаламынан шыққан кітаптар туралы кадрлар да кітапханалық кинозалдың көрермендерінің қызығушылығын арттырды.