Тәуелсіздік шежіресі – ел мәртебесі: кітап көрмесі
Абай атындағы кітапханада желтоқсан айының 11-ші жұлдызында тарих контекстіндегі қазақ мемлекеттілігінің көпғасырлық қалыптасу тарихын таныстыруға, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, туған елге деген сүйіспеншіліктерін артыруға, Тәуелсіздіктің құндылығын дәріптеуге бағытталған «Тәуелсіздік шежіресі – ел мәртебесі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапханашы тәуелсіздікке жету жолындағы халқымыздың бастан өткерген тарихы туралы кеңінен мағұлматтар беріп, ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасады.
Көрмеге Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», Манаш Қозыбаевтың «Киелі тәуелсіздік», Ә.Нысанбаевтың «Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм», «Тәуелсіз Қазақстан:күннен күнге. Оқиғалар хроникасы», «Тәуелсіз Қазақстан шетел сарапшыларының көзімен», «Тәуелсіздік шежіресі» т.б. кітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар ұсынылды.
Аталмыш іс-шара өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне ықпал етіп, жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастырады деген сенімдеміз.
Кітап көрмесі 20 желтоқсанға дейін оқырман назарында болады.