Киізден жасалған ойыншықтар: шеберлік класы
Киіз дегеніміз не? Қандай түрлері болады? Киізден не жасауға болады? Осы және басқа да сұрақтар 11 желтоқсанда Абай атындағы кітапхананың қызметкері Лаура Буркитова Ж.Шайжунусов атындағы электронды колледждің «Мектепке дейінгі тәрбие», «Бастауыш білім» мамандықтары бойынша 3 курс студенттеріне арналып өткізген шеберлік сабағында қаралды.
Шеберлік класы барысында студенттер киіз материалы, оның түрлері, қасиеттері, артықшылықтары мен кемшіліктері, дайын бұйымдарды безендірудің және оларға күтім жасаудың әдістерімен танысты.
Шараның тәжрибелік бөлігінде қатысушылар Жаңа жылға арналған кішкентай ойыншықтар – шыршалар, шарлар, қолғаптар мен жүректер жасап, оларды моншақтармен, бисермен, стразалармен, кестелермен безендірді.
Іс-шара соңында оқытушылар мен студенттер кітапхана қызметкеріне қызықты шеберлік сабағы үшін алғысын білдіріп, алған практикалық білім олардың өмірінде және болашақта мектептегі жұмысына пайдалы болатындығын атап өтті.