Әскери борышыңды өтеп жүрген қала тарихынан: ақпараттық-танымдық сағат
24 қаңтарда Абай кітапханасының қызметкерлері №2098 әскери бөлімінде көшпелі мәдени іс-шара өткізді.
«Әскери борышыңды өтеп жүрген қала тарихынан» атты ақпараттық-танымдық сағаты барысында отан қорғаушылар біздің өлкеміздің өткені мен бүгіні туралы тарихи ақпараттармен танысты.
Шара бағдарламасы «Семей: уақыт тоғысында» және «Сіз, Семей туралы оқыдыңыз ба?» тақырыптарын қамтып, жан-жақты тың деректермен, тарихи танымдық әңгімелермен өрбіді.
Кітапхана мамандары тарапынан Ертіс бойындағы Семипалатная (Семей қ.) бекінісінің құрылу себептері туралы айтылып, өңірдегі сауда-саттықтың рөлі, біздің қалада қызмет еткен ұлы тұлғалар мен біздің өлкеміздің тарихына байланысты тарихи деректерге арналған кітаптар таныстырылды.
Әскери қызметкерлерді Семей қаласының буддисттік храмдар орнына құрылғандығы, ол Жоңғар кенті Доржинкит маңында болған жеті буддист қалмақ ғибадатханаларының атымен аталғандығы, Семей өзінің орналасуын 4 рет өзгерткендігі, Семейдің Еуразия орталығына орналасуы сынды шаһарымыздың тарихына байланысты көптеген маңызды деректер қызықтырды.
Мәдени шараға қатысушылардың назарына ескі қаланың фотосуреттерін қамтыған слайдтық көрсетілім ұсынылып, «Бұл біздің тарихи жолдарымыз» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.
Кітап көрмесіне қалалық мұрағат, өлкетанушылар мен қала тарихшылары жарыққа шығарған қорымыздағы өлкетану әдебиеттерінен 60-тан астам басылымдар қойылды.