Чехов А.П. – әлемдік деңгейдегі жазушы: көрме-шолу
2020 жылдың 29 қаңтар күні балалар әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері атақты орыс жазушысы, драматург Антон Павлович Чеховтың туғанына 160 жыл толуына орай, жазушының өмірі мен шығармашылығымен дәріптеу мақсатында «Чехов А.П. – әлемдік деңгейдегі жазушысы» тақырыбында көрме- шолу өткізді.
А.П.Чехов – орыс жазушысы, әлем әдебиетінің әйгілі классигі, императордың әдебиет саласындағы ғылым академиясының академигі, әйгілі драматургтың шығармалары 100 халықтардың тілдеріне аударылып, «Шұғыла», «Үш апалы-сіңілі» және «Шие саябақ» т.б пьесалары 100 жылдай әлем театрларының сахналарында қойылып келе жатыр.
Шара барысында оқырмандар «Чеховқа деген махаббатпен» атты өзгеше жасақталған көрмемен танысып, жазушының шығармашылығымен жіті танысып, жарқын, шынайы және асқақ ғажайып Чехов әлеміне ене алды.
Көрменің ерекшелігі – А.П. Чеховтың кітабын оқыған адамның кітаптан жасалған инсталляциясы және кітапхана қызметкерінің «Дама с собачкой» әңгімесінің негізгі кейіпкері Анна Сергеевнаның қолына ит ұстап, кітап оқып отыраған әйел бейнесі, сонымен қатар тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынған жәдігерлер: сиясы бар қалам, телефон, шам, ұлғайтқыш әйнек, фонендоскоп және қалта сағаты медициналық университеттің студенттері мен жас оқырмандардың таңданысын тудырды.
Жазушы шығармалары ішінде келушілердің назарын аударған кітапхананың сирек қорынан алынған өмірбаяндық эсселер мен жазушының естеліктері, балаларға арналған эскиздер топтастырылған XIX ғасырдың соңында жазылған «Юмористические наброски и мелочи» кітабы болды. Шара соңында қатысушылар ұзақ уақыт бойы көрмені қызықтап, естелікке суретке түсті.