Электронды үкімет порталы: жедел тренинг
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 2020 жылы электронды қызметтерді алуды насихаттау мақсатында, 3-4 ақпан арасында электронды үкімет порталымен жұмыс жасау дағдыларын үйретуге арналған жедел тренинг өткізілді. Шарада мемлекеттік қызметтерді электронды үкіметтің веб-порталы арқылы алу тәсілдерін үйретіп, пайдаланушыларға сұрақтарына тиісті жауаптар берілді. Пайдаланушы зейнеткерлер мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген механизм туралы ақпарат алды. Қатысушылар электрондық үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға және осы сияқты басқа да көптеген жағдайларды жасауға болатынын тәжірибе түрінде тренингте қолданды.