Америка президенттері: квест
2020 жылдың 13 ақпанында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасында ағылшын тілі курсының тыңдаушыларына «Америка Президенттері күніне» орай ағылшын тілінде квест ұйымдастырылды.
Детективті квест «Қателесіп қалма» атты тапсырмадан басталды, алғашқы айналымда қатысушылар 1 минут ішінде заң, саясат тақырыбындағы ағылшын сөздерді рет-ретімен дұрыс қоя білді. «Президент бейнесі» атты келесі айналымда берілген суреттер бойынша АҚШ президенттерін тауып, аты-жөнін жазып қойды. Бұл тапсырмалар курс тыңдаушыларының есте сақтау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Квесттің келесі тапсырмасы логика мен ойлау қабілетіне арналды. Белгілі ағылшын тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің орысша баламаларын дұрыс табу керек. Іс-шараның соңғы тапсырмасы «Бейтаныс іздер» деп аталды. Бұл тапсырмада қатысушылар белгілер мен тарихта мәлім болған деректер: президенттің туған жері, оқыған орны, әуестенуі бойынша қай президент екенін тауып, Американың 44 Президенті Барак Обаманың жасырылған суретін тапты. Шара соңында барлық қатысқан кітапхана пайдаланушылары ұйымдастырылған шара үшін алғыс білдіріп, оларға естелік кітаптар табысталды.