Абай әлеміне саяхат: ақпараттық сағат
2020 жылдың 3 наурыз күні Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында Абай атындағы кітапханада №5 Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның ұстаздары мен оқушыларына арналған «Абай әлеміне саяхат» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Оқушылар үшін кітапхана бойынша экскурсия жүргізіліп, кітапхана тарихын, кітапхананың құрылуы мен ұйымдастыруындағы Абай мен оның орыс достарының рөлі туралы айтылды. Оқушылар Абайдың кітапхананың тұрақты оқырманы болған туралы, оның кітапхана қабырғасында Е. П. Михаэлис, П. Д. Лобановский, С. Гросс және басқа да саяси жер аударылғандармен танысуы, сонымен қатар, олардың Абаймен бірге қаламыздың қоғамдық өміріне белсене ат салысқаны жайында ақпаратты үлкен қызығушылықпен тыңдады. Абайдың рухани орталығында оқушылар Абай оқыған кітаптармен, оның әлем тілдеріндегі мұрасымен, 1936 және 1939 жылдары латын әліпбиінде шыққан Абайдың кітаптарымен танысты.
Іс-шара барысында оқушылар Абайдың достары болған және Қазақстан даласында өз мерзімін өтеген саяси жер аударылғандардың жұмыстарымен, Батыс-Сібір Орыс Географиялық Қоғамы және Семей облыстық статистикалық комитетінің Семей бөлімшесінің басылымдарымен, оның беттерінде Абайдың қоғамдық қызметі, сондай-ақ Батыс ойшылдары мен философтарының еңбектерімен, орыс және еуропалық классиктері Л. Толстой, В. Жуковский, А. Пушкин, И. Крылов, М. Лермонтов, У. Шекспир, Ф. Шиллердің, И. Гете, Дж.Байрон, Г.Андерсен және ақын үшін таным сатысына айналған басқа да авторлардың баға жетпес еңбектерімен танысты.
Абай атындағы кітапхана маманы Қ. Кенжебекұлының орындауында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» және «Қараңғы түнде тау қалқып» Абайдың Гетеден қазақ тіліне аударып жазған әнін орындады. Кітапхана мамандары үшін №5 гимназияның 8 “Ә” сынып оқушылары мен педагогтары дайындаған ашық сабақ тосын сый болды. Сабақтың жүргізушілері Нұрмұхамед Медет пен Алтынай Скакова болып, олар Абайдың өмірбаянымен таныстырып, оның өмірі мен шығармашылығы бойынша викторина өткізді. Ашық сабаққа барлық оқушылар қатысты, олар Абайдың “Қара сөздерін” қазақ және ағылшын тілдерінде нақышына салып оқып қана қоймай, оқылған мәтінді талдады. Осы сыныптың оқушысы Гүлім Кенжеғазина Абайға арналған өз жүрегінен шыққан жүрек жарды арнауын арнады.