Қазақтың халық медицинасы және індетпен күресу тәсілдері: тікелей эфир
2020 жылдың 24 сәуірінде Абай атындағы кітапханасының ұйымдастыруымен @semeybib инстаграм парақшасында карантин жүйесіне байланысты Шәкәрім университетінің профессоры, тарихшы – ғалым Кәрімов Мұхтарбек Қарпықұлымен онлайн жүздесу өтті. Тарихшы – ғалым Қазақтың халық медицинасы және індетпен күресу тәсілдері тақырыбында әңгіме өрбітті. Сұхбат барысында тарихшы ғалым Мұхтарбек Қарпықұлы халық медицинасының тарихына тоқталып, жалпы халық медицинасының кешегісі мен бүгінгі күніне тоқталып, соның ішінде, індетке байланысты кітапхана оқырмандарына, тарихи тағылымды дүниелерді тарту етті. Тікелей эфирдің басты мақсаты руханият дүниесіне үлес қоса отырып, қажетті ақпараттарды оқырман жүрегіне жеткізу. Кеш соңында Мұхтарбек Қарпықұлы оқырмандары және кітапхана ұжымына алғысын білдіріп, ақ жарма тілегін жаудырды.