Жердің күн беті: тікелей эфир
Абай атындағы әмбебап кітапхананың әлеуметтік парақшасының инстаграм желісінде 30-ші сәуір күні кезекті тікелей эфир ұйымдастырылды. Кездесудің басты кейіпкері облыстық, республикалық бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Білім үздігі және Халықаралық «Глобус» академиясының «Қанипа Бітібаева» атындағы медалінің иегері Бақытжан Райсова болды. Бақытжан Мұхтарханқызы «Ай мен Алтай», «Сезім сәулесі», «Шағылға біткен шынармын», «Ай патшалығы», «Кәусар дүние», «Жердің күн беті» атты жыр жинақтарының және «Жалын мен оттан жаралып…» атты мақалалар мен эсселер жинағы авторы.
Тікелей эфирдің басты мақсаты руханият дүниесіне үлес қоса отырып, жас ұрпақтың өз отанын риясыз сүйюге рухани қызмет жасай отыра қажетті ақпараттарды оқырман жүрегіне жеткізу болды. Кешкі кездесуде «Абай әлемі» жобасы аясында жарық көрген «Жердің күн беті» атты кітабымен таныстырып, шығармашылығымен, жоспрларымен бөлісті. Бақытжан Мұхтарханқызы өзіне ұстаз тұтатын Зейнолла Қабдолов, Оралхан Бөкей, Фариза Оңғарсынова сынды қазақ әдебиетінің белді өкілдерінен тәлім алғандығын айтып, поэзия әлемінде жолы болғандығына осындай қаламгерлердің ықпалы тигенін мақтанышпен жеткізді. Сұхбат барысында қазақ руханиятының бүгінгісімен кешегісіне тоқталып, қоғамдағы кемшім тұстарды баяндап, кітапхана оқырмандарына әдебиет әлемінен мол мағұлұмат берді. Қаламынан туындаған поэмалары мен өлеңдерінің жазылу тарихымен таныстырып, жүректе өрілген жыр шашуын арнап, «Жұмақ», «Мұң», «Көк пен жер», « Екі дүние» өлеідерін нақышына келтіре оқып, поэзия сүйер ұауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кеш соңында Бақытжан Мұхтарханқызы поэзия сүйер қауыммен кітапхана ұжымына алғысын білдіріп, ақ жарма тілегін жаудырды.