Ұлы жеңіске 75 жыл: мерекелік шашу
2020 жылдың 9 мамырында Ұлы жеңіске 75 жыл толуына орай, Абай атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен @semeybib инстаграм парақшасында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның әншісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Жасұлан Тәжиев пен жұбайы, халықаралық би конкурсатарының лауреаты Айнұр Асқармен тікелей эфир өткізілді. Бұл мерекелік кездесудің шымылдығы Жасұланның орындауындығы әйгілі Рамазан Елебаевтың «Жас қазақ» әнімен ашылған болатын.Эфир әрмен қарай ұлттық өнеріміз оның ішінде осы дәстүрлі әндеріміз жайлы, оның қазіргі жәй-күйі турасындығы әңгімеге ұласты. Осы орайда Жасұлан көкейде жүрген көпшілікке жақсы бір ұсынысын айтып, осы ұлттық өнерімізді дәріптейтін жекелей бір арна ашылса дегенойымен бөлісті.
Кездесу ары қарай қалам мен қаруды қатар ұстаған, майдангер ақын, жазушыларымыздың өмірі жайлы өрбіп, осы орайда ақын, Қасым Аманжоловтың өлеңі оқылып, «Дариға сол қыз» әні шырқалды. Эфир одан ары көрермендердің Жасұлан мен Айнұрдың таныстығы, отбасы, өмірдегі ұстанымы, өнердегі ұстаздары сынды сұхбаттармен жалғасын тапты.
Бұл мерекелік кештің соңын өнерлі отбасы барша алаш жұртына, Абай атындағы кітапханаға ақ тілектерін білдіріп, Жасұлан өнердегі ұстазы Тұрсынқазы Рахимов ағамыздың «Сәби болғым келеді» әнімен тәмәмдады.