Абай есіміне қатысты тарихи-мәдени орындар: тікелей эфир
2020 жылдың 28 мамырында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасы белгілі ғалым, көрнекті жазушы, алаштанушы, абайтанушы, «Ұран Алаш» атты көп томдық зерттеу жұмысының авторы Тұрсын Жұртбаймен онлайн сұхбат өткізді.
Естеріңізде болса президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семейді «Қазақстанның мәдени-тарихи орталығына айналдыру» туралы заңға қол қойған болатын. Сұхбат барысында Семейдің тарихи маңыздылығы, оның географиялық орналасуының қолайлылығы, климаттық жағдайы сөз болып, қаламыздың тарихи-мәдени орталық болуға лайықты екені айтылды.
Семей қаласындағы «Алаш» партиясының құрылуы, Абайдың басқан ізі, Шәкәрім бабамыздың қонақ болған жерлері және де қазақ тарихындағы ұлт зиялыларының әрбір басқан ізі сөз болып, Семейге тарихи-мәдени саяхат жасалды.
Сөз барысында Тұрсын ағамыз қазіргі уақыттағы мәдени орталыққа айналдыру жұмыстарының жолын айтып, Семейдің жанкүйері екенін, өзінің туған топырағын қаншалықты сүйетінін де айтып өтті.