Абай және әлемдік өркениет: тікелей эфир
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасының Fasebook парақшасында 23 тамыз күні ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында философия ғылымдарының докторы (PhD)6, қауымдастырылған профессор Халықаралық SKACC факультеті деканының орынбасары Жүндібаева Арай Қанапияқызымен «Абай және әлемдік өркениет» атты тақырыпта тікелей эфир өткізілді.
Тікелей эфир барысында Арай Қанапияқызы Абайдың әлемдік өркениетке қосқан үлесі, Абай шығармаларының аударылуы, кемеңгер ақынның адамзат баласының рухани дамуына қосқан үлесі жайында сөз қозғады.
Ғалым Абай шығармаларының аударылу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, ақын өлеңдерінің 1935 жылдан бастап орыс тіліне аударыла бастағанын, ақын шығармаларының өзге тілдерге аударылу тарихын, әлемнің қанша тіліне аударылғаны, өлеңдерінің сөзбе-сөз аударылуы мен ұйқастық ерекшеліктеріне байланысты аударылғанына тоқталды.
Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында ҚР Президенті Қ. Тоқаев Абай шығармаларын басқа тілдерге аударуға баса назар аудару қажет деген болатын. Тікелей эфир соңында Арай Қанапияқызы Абай шығармаларын аударуда шығарманың түпкі идеясын нақты, әуезділігін, көркемдік ерекшелігін сақтай отырып аударуға аса мән беру қажет деп ойын түйіндеді.