Тіл – достықтың көпірі: ақпаратты-әдеби сазды отырыс
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері 2013 жылы 20 қыркүйекте Тіл- достықтың көпірі атты ақпаратты- әдеби сазды отырыс өткізді.
Өткізілген күні: 20 қыркүйек 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасы. Қатысушылар: Семей қаласы, Мемлекеттік медицина университетінің студенттері. Қатысушылар саны: 35. Мақсаты: 22- қыркүйек Тілдер күнін атап өте отырып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, басқа ұлт өкілдері студенттерін мемлекеттік тілге деген құрметтерін арттыру.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері 2013 жылы 20 қыркүйекте Тіл- достықтың көпірі атты ақпаратты- әдеби сазды отырыс өткізді. Аталмыш іс-шарада қатысушыларға арналып Тілдер туралы заңға тоқталып, ақпарат беріліп, әртүрлі аңыз- әңгімелер айтылды. Әр ұлт студенттері өз пікірлерін ортаға сала отырып, әр тілдерде өлең жолдарын оқыды. Мемлекеттік медицина университетінің 113 топ студенті Әсем қазақ, орыс, ағылшын, жапон, француз, қытай тілдерінде құйқылжыта ән шырқап, көптің көңілін көтерді. Кітапхана қызметкерлері келуші студенттерге арнап Тарихыңды танып, біл атты викториналық ойын ұйымдастырды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан білімпаз үш студент кітапхана атынан сыйлықпен марапатталды.
Мерекеге ТУҒАН ТІЛІМ- БАЙЛЫҒЫМ! атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге мемлекеттік тіл мәртебесі жазылған әдеби ақпараттармен қоса өзге тілдер достығын көрсету мақсатында ағылшын, француз, неміс, поляк, түрік, чеш, сыған, қытай, жапон,кәріс,монгол, грек, латын, испан, италян, парсы, швед тілдеріндегі әдебиеттер мен сөздіктер қойылды.
Іс- шара соңында Семей қаласы, Мемлекеттік медицина университеті, қазақ және латын тілдері кафедрасының меңгерушісіғ п.ғ.к. М.Д.Жорокпаева кафедра атынан ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға ниет білдіре отырып, кітапхана жұмысына өз алғысын жеткізді.