Бір шаңырақ астында … : тікелей эфир
18 қыркүйекте Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Instagram әлеуметтік желісінде «Бір шаңырақ астында …» тақырыбында тікелей эфирі өтті. Оның арнайы қонағы – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Татар өнер мектебінің директоры, татар халықтарының «Ертіс Моңнары» ән-би ансамблінің жетекшісі – Ахунжанов Габдулхак Габдуллұлы болды. Тікелей эфирде Қазақстан аумағында атап айтқанда, біздің аймақта тұратын халықтар достығы мәселелері талқыланды. 1990 жылы наурызда құрылған және тек қалада ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасында алғашқы ұлттық-мәдени қоғамдық ұйымдардың бірі болған Семейдегі Шығыс Қазақстан облыстық татар қоғамдық орталығының қызметіне ерекше назар аударылып, әңгіме өрбіді. Габдулхак Габдулұлы осы орталықтың құрылуы туралы өз естеліктерімен бөлісіп, оның қазіргі қызметі туралы толығырақ тоқталды.