Тіл – елдің байлығы:сайыс
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері 2013 жылы 22 қыркүйекте Семей Мемлекеттік медициналық университетінің жалпы медициналық факультетінің студенттеріне Қазақстанда тұратын халықтар Тілдер күніне орай, «Тіл – халық қазынасы» атты сайыс ұйымдастырды.
Өткізілген күні: 22 қыркүйек 2013 жыл. Өткізілген орны: Мемлекеттік медициналық университеті.Қатысушылар: университет оқытушылары мен студенттері. Қатысушылар саны: 150. Шараның мақсаты: Қазақстанда тұратын әр ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсетіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері 2013 жылы 22 қыркүйекте Семей Мемлекеттік медициналық университетінің жалпы медициналық факультетінің студенттеріне Қазақстанда тұратын халықтар Тілдер күніне орай, «Тіл – халық қазынасы» атты сайыс ұйымдастырды. Сайыста кітапхана қызметкерлері алқа билер төрелігіне қатыса отырып, әр командалардың өнеріне әділ баға берді. Командалар Қазақстанда тұратын халықтардың, оның ішінде: татарлар, өзбектер, кәрістер және немістер болды. Олар Қазақстанда тұратын әр ұлт өкілдері туралы көрсетілімдерді слайд көмегі арқылы таныстырды. Көрсетілімде әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері, ұлттық тағамдары, ұлттық дәстүрлері мен ұлттық әдет-ғұрыптары және музыкалық нөмірлер орындалды.
Студенттер барын салып дайындалаған, әдемі жарқыраған ашық түсте тігілген киімдер киіп, өздеріне берілген елдің толық көлемде тарихын, салт- дәстүрлерін және өз қолдарымен ұлттық тағамдарын талғаммен жасай білген. Қорытындылай келгенде, белсенділігімен көзге түскен командаларға сыйлықтар беріліп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Мемлекеттік медициналық университете оқытушылары кітапхана қызметкерлерін белсенділік көрсетіп, сайықа қатысқаны үшін алғыстарын айтып, тағы да кездесулер болатынын баса айтты.
Өткізілген іс-шараның ұйымдастырылуы мен дайындығы өте жоғарыдеңгейде өтті.