Жастар саясаты: тікелей эфир
29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының әмбебап кітапханасында Абайдың Instagram әлеуметтік желісінде «Жастар саясаты» тақырыбында тікелей эфирін өтті. Тікелей эфир қонағы – КММ «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» заңгер кеңесшісі – Асхатов Асхат Аскарұлы болды.
Тікелей эфирде: «Жастар саясаты деген не, ол республикамызда қандай мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырады? Жастар саясатын реттейтін ережелер бар ма?» деген сияқты сұрақтарға талқылау жауаптар жүргізілді.
Жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру, қоғамдық жұмыстарды дамыту, кәсіптік оқыту, біліктілікті арттыру курстарында жастарды оқыту арқылы жүзеге асырылатын еңбек және жұмыспен қамту салаларына мемлекеттік жастар саясатына «Жастар ресурстық орталығынының» да белсенді қатысатындығын эфир қонағы атап өтті.
«Жастар ресурстық орталығы» жастар саясаты бағдарламаларын жасау, құру тұрғысынан басқа да жастар ұйымдарымен ынтымақтастықта екендіктерін де атап өтті. Жастарды кәсіпкерлік саласына тарту тақырыбы да тікелей эфирде талқыланды. Өйткені бұл тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде шағын және орта бизнесті дамытудың кезек күттірмейтін бағыты екендігін эфир қонағы ерекше әңгімеледі.