Ғалыммен кездесу
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 2013 жылдың 21 қыркүйегінде «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғалым Мұрат Мұхтарұлы Әуезовпен кездесу өтіп, оған кітапхана ұжымы мен абайтанушы Т.Ибрагимов, Б.Исабаев, Ж.Мағазбекұлы сынды зиялы қауым өкілдері қатысты.
Қазақстан футболының 100 жылдығы мерейлі мерекесіне арнайы келген қонақ – М.Әуезов қоғамдық қорының президенті, әдебиеттанушы, ғалым Мұрат Мұхтарұлы Әуезовпен Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасында кездесу өтті. Өткізілген уақыты: 21 қыркүйек. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасы. Қатысушылар: кітапхана қызметкерлері, абайтанушы зиялы қауым өкілдері. Қатысушылар саны: 35 адам. Шараның мақсаты: биыл мерейлі 130 жылдығын атап өткелі отырған кітапхананың бүгінгі тынысымен ғалым М.Әуезовті жақын таныстыру.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 2013 жылдың 21 қыркүйегінде «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғалым Мұрат Мұхтарұлы Әуезовпен кездесу өтіп, оған кітапхана ұжымы мен абайтанушы Т.Ибрагимов, Б.Исабаев, Ж.Мағазбекұлы сынды зиялы қауым өкілдері қатысты. Осы кездесуге арнайы Абай заманындағы Сібірдегі ең қоры бай кітапхананың мол қазына қорынан «Әлемге танылған ұлы тұлға»: сирек кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, кемеңгер Абай, Шәкәрім, Мұхтар нәр алған және олардың қоғамдық, жеке отбасылық өміріне байланысты түпнұсқа дереккөздермен таныстырылды. Кездесуге қатысушылар ғылымның сан-саласынан жиналған сирек басылымдардың бай қоры, әсіресе, XX ғасырдың басында Ә.Бөкейханов, Ж.Ақпаев, М.О.Әуезов, Б.Майлин, Ә.Ермеков, Ж.Тілеулин, Х.Досмұхамедов, Ж.Күдерин, І.Жансүгіров, А.Сейітұлы, М.Дулатов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов сияқты қазақ әдебиеті мен мәдениетінің алтын ғасырын құраған ұлт зиялыларының, қоғам қайраткерлерінің көзі тірісінде жария көрген жәдігерлер-сирек кітаптарын, мақалаларын көріп, тәнті болды.
М.Әуезов осындай бай рухани қорын сақтап және көпшілік назарына әр түрлі іс-шараларымен ұсынып отырған кітапхана ұжымына зор алғыс сезімін білдіріп, М.О.Әуезовтың 20 томдығына енбеген, бұрын жария көрмеген, архив құжаттары негізінде дайындалған жаңа кітабының бір данасын сыйға тартты. Сонымен қатар ғалым қордың сақталу, сандық форматқа көшірілу мәселелеріне алаңдаушылық білдірдіріп, шара соңында қадірлі қонақтарға арналған журналға ыстық лебізін қалдырды.