Мөлдірліктің нүктесі…: тікелей эфир
ШҚО Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Instagram парақшасында cәрсенбінің сәтті күні дәстүрлі түрде өтетін «Жастықтың оты жалындап» жобасы аясында кезекті тікелей эфир ұйымдастырылды. Эфир қонағы жас қаламгер Назерке Серікқызы болды.
Сұқбат барысын Назерке Серікқызының, өлеңге әдебиетке жанашыр адал екенін танытты. Бойымдағы қарапайымдылығыммен, көркем мінезім талай белеске шығуыма себепкер болды деп, ағынан жарылған жас ақын, талай додада алған жетістіктерімен бөлісті. Алай да ақынның жетістігі, жүлде емес оқырман жүрегінен орын алу деп түсінінетін Назерке бұл күндері, тамаша прозаларымен ел ықыласына бөленіп жүргенін жасырмады. Қазақтың ерке ақыны Фариза Оңғарсынованы үлгі тұтатын жас ақын, сол кісіні түсінде көріп, берген аяны өнерге келуімен үлкен септігін тигізді дейді. Бала кезінен аңыз әңгімелерді тыңдап өскен біздің кейпкер, жақсы жаңалығында жасырып қалмады. Жақын арада балаларға базарлық ретінде, 20 ертегі жазып оқырманға жол тартатындығын да айтып өтті. Компазитор ретінде де танылып жүрген Назеркенің бірнеше өлеңіне жазылған әнді, белгілі әнші Салтанат Бақаеваның, «Меломен» тобының шырқап жүргенін де осы эфир арқылы білдік. Жас болса да әдебиет саласының бірнеше жанрларын қатар алып жүрген жас қаламгерге сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс тілеп, эфирімізді аяқтадық.