Мұрагерлері ең көп тұлға – хакім Абай: тікелей эфир
19 қараша күні Абай атындағы кітапхананың Facebook әлеуметтік желісінде әр аптаның бейсенбісінде, «Абай әлемі» жобасы аясында «Мұрагерлері ең көп тұлға – хакім Абай» тақырыбында кезекті тікелей эфир ұйымдастырылды. Кеш қонағы Ғылым ордасы РMК орталық кітапхананың Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің қызметкері ақын Әділет Ахметұлы болды.
Дүниенің көзі, ғылымның қалқаны кітапта деп бастаған кеш кейіпкері, алғы сөзін алғыс айтумен бастады. Әділет Ахметұлы Абайдың даналығын, Абайдың ұлылығы жөнінде, таңды таңға жалғап айтуға болатынын айтты. Жоғары да атап өткендей, Абай мұрагері ең көп тұлға тұрғысынан айтар болсақ өзі қызмет етіп отырған Орталық ғылыми кітапхана қорынан 129 – ға жуық тақырыпта Абай қол жазбаларын кездестіруге болатынын тілге тиек етті. Сонау Петерборда жарық көрген Құнанбайұлы Ибрахим атты алғаш қол жазбаларынан бастап, бізге жеткен мұраларына дейін Әділет Ахметұлы Абай мұраларын екі тақырыпқа бөліп эфирге тізіп берді. Бұралаң кезеңді бастан өткеріп, қазақтың игі жақсылары атылып, шығармалары қыссастық көріп жатқан кездері, Абай мұрасы, қап түбінен бізге аман есен жетіп, сары алтындай сақталуы жаратқанның жарылқауы дейді, кеш кейіпкері. Сұқбат соңында дәл осы күні жарық көрген ақын Әділет Ахметұлы ағамыздың түңғыш «Әділет» деген жинағын Абай атындағы кітапхана қорына сыйға тартуды жөн санап, өз оқырмандарына ыстық ықыласын білдірді.