• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • «Абай әлемі» – 2020 кітаптар топтамасының таныстырылымы

«Абай әлемі» – 2020 кітаптар топтамасының таныстырылымы

  • 25.11.2020

25 қараша күні Абай атындағы кітапхана, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы және Қазақстан Жазушылар Одағы Семей филиалымен   бірлесіп Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген «Абай әлемі» кітаптар топтамасының 2020  жылғы шығарылымының таныстырылымын ұйымдастырды. ZOOM платформасында ұйымдастырылған шараға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері, жазушылар, ғалымдар, филологтар, мәдениет саласының қызметкерлері, ЖОО, колледждердің оқытушылары мен кітапханашылары, мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ұ. Сағадиев «Абай әлемі» жобасымен және жоба аясында жарық көрген басылымдармен таныстырып, кітап авторлары мен құрастырушыларына алғысын білдірді.

Жобаның бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Медеу Сәрске жоба аясында атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырып, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.

Қазақстан Жазушылар одағы  басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Б. Жақып еліміздің әр өңірінде ір авторларының кітаптарын жарыққа шығару шаралары туралы айта келіп, шығыс өңірінде Д. Рамазан, Т. Жанғалиев, А. Кемелбаева сынды ақын-жазушылардың да кітаптарын жариялау жөнінде ұсынысын білдірді.

«Абай» атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының атқарушы директоры А. Ғафуров елімізде оқу мәдениетін арттыруда атқарып отырған қызметі мен демеушілік жасаған шаралары туралы баяндап, кітап авторларын құттықтады.

Шәкәрім мемлекеттік университетінің профессоры А. Еспенбетов  Абайтанудың 5 томдық кітабымен және 1909 жылы басылып шыққан репринттік басылымы – «Қазақтың ақыны Ибраһим Құнанбайұғлының өлеңімен» кітаптарымен, университеттің Абай институтының директоры Ж. Әубәкір 4 томдық «Абай және ақын шәкірттер мұрасы» басылымына енген ақын шәкірттерінің мұраларымен таныстырды.

Абайтанушы, алаштанушы ғалым Т. Жұртбай өзінің дайындаған Құнанбай қажы жайында көпшілікке бұрын белгісіз архив құжаттарына сүйеніп жазған «Рух сұлтандары» кітабы  жайында әңгімеледі. Жазушы Б.Щербаков өзінің орыс және ағылшын тілінде жарық көрген «Звездная степь Жидебая» шығармасы туралы баяндап, Сапарғали Әлімбетов мұраларын зерттеуші ғалым, ф.ғ.к. М. Иманжапар Сапарғали ақынның мұралары жөнінде мол мағлұмат берді.

Шара барысында кітап авторлары жоба аясында жарық көрген кітаптардың міндетті түрде ЖОО мен колледждердің және мектеп кітапханаларының қорына түсуі керек екендігін ескертіп, құзырлы мекемелер осы мәселенің шешімін табуына атсалысуын сұрады.

Шараның модераторы Мерей Қарт шараны қортындылап, кітап авторлары мен  құрастырушыларына зор алғысын білдірді.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлт рухының жыршысы – Несіпбек Айтұлы: сұхбат алаңы
01жел.2025
ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛАДАН – ШҰҒЫЛАЛЫ ШЫҒЫСҚА: шығармашылық кездесу
30қар.2025
Ә.Әбілқасымұлының: кітап тұсаускесері
29қар.2025
Қадыр Мырза Әлі «Ой орманы»: әдеби-танымдық сағат
27қар.2025
Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»: оқырмандар конференциясы
26қар.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now