Сіз бен біздің арамыздағы жайлылық: тікелей эфир
Абай атындағы кітапхана 2 желтоқсан күні Instagram әлеуметтік желісінде «Абай әлемі» кітаптар сериясының «Жаттық оты жалындап» жинағына өлеңдері енген, жас ақын, Ресей Жазушылар одағының мүшесі Елена Константиновна Липилинамен «Сіз бен менің арамыздағы жайлылық» тақырыбында тікелей эфир өткізді. Жинаққа енген Еленаның 16 өлеңі оны өзінің поэтикасымен безендіріп қана қоймай, мәңгілік махаббат, адалдық және өмірлік ұғымдар туралы ой қозғауға шақырды.
Елена өзі туралы ғана емес, ол шығармашылық шабыттың көптеген қызықты тұстарымен, өзінің алғашқы өлеңдерінің жазылу тарихымен бөлісті. Эфир қонағы ақындыққа қадам басқан жылдары жазған өлеңдерін және жинаққа жарияланған өлеңдерін көрермендерге оқып, көбінесе лирика тақырыбына жазатынын байқатты. Ең алғашқы өзінің жеке жинағы шыққанда Елена небәрі 20 жаста еді. Еленаның поэзиясының мектеп және студенттік жылдардарына жағымсыз және жағымды әсері болғаны туралы әңгімелері көрермендерді таңдандырды. Жас ақын шығармашыл отбасынан шыққандығы туралы да айтып берді.
Елена Липилина өзін поэзия тұрғысынан ғана көрсетіп қоймай, жеке қызығушылықтарымен бөлісіп, отбасылық досы Чистяков Михаил Ивановичтің «Я письма жгу» өлеңіңе жазылған акапелло әнін шырқады.