«Абай шығармалары- тәрбие құралы»: тікелей эфир
10 желтоқсан күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының Fecebok желісінде Абайтану оқулығының авторы, ұстаз «Шапағат» медалінің иегері Құнафина Гүлнар Ағзанқызымен «Абай шығармалары- тәрбие құралы» тақырыбында тікелей эфир өтті.
Гүлнар Ағзанқызы Абайдың әдеби шығармаға тәрбие құралы ретінде қалам тартқан Абай өнегесі орасан зор екендігін атап өтті. Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абайдың өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге жетелеп, болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдырып, саналылыққа тәрбиелейтінін тілге тиек етті.
Ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз… – деп жастарды жамандықтан жиреніп, жақсылықтан үйренуге, үлгі тұтып өсуге тәрбиелеуге шақырды.
Абайдың пайымдауында адамның бойындағы барша ізгіліктің басы отбасынан басталатындығы жайында, отбасында ата-анадан алынатын тәрбиені өте жоғары бағалағандығы туралы ойды ортаға салды. Соның ішінде әкенің орны ерекше екеніндігіне тоқталды. Әкенің ақылы, әкеге қарап баланың өсуі, ағаның ініге, інінің ағаға деген қамқорлығы әке тәрбиесі арқылы беріледі -деп, Абайдың тәрбие хақындғы шығармаларын ашып айтып берді. Бала үш нәрсені бойына ата-анадан, ұстаздан және жанындағы құрбысынан алатындығы соларға қарап бой түзейтіндігін атап өтті. Ұрпақ тәрбиесіндегі адами қасиеттерді Абай шығармалары арқылы тәрбиелеуге шақырды.