Еріктілер жылы: құттықтау
Еріктілер жылы аясында 2020 жылдың 29 желтоқсанында өскелең ұрпақтың рухани дамуы мен тәрбиесіне арналған кітап оқуды насихаттау іс-шараларына белсене қатысқаны үшін Зубкова Светлана Александровна мен Табулдина Мерейнұрды және Лузинсан Еленаны Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хатымен марапаттады. Зубкова Светлана Александровна екі жылдан астам уақыт аралығында балалар әдебиеті бөлімінде балдырғандарға қол маторикасын, ынтасын, шеберлігін, ой-өрісін, қиялын дамытып, шығармашылық жұмыс жасауға ықпал жасау мақсатында шеберлік сабағын өткізіп келді. Ал Табулдин Мерейнұр испан тілі курстарын өткізіп, “Ағылшын клубы” отырыстарын өткізді. Лузинсан Елена кітапхананың әлеуметтік желілерінде орналастырылған шараларда белсене ат салысты. Шара барысында әкімшілік тарапынан кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі М.С.Батхолдина алғыс хат пен сыйлыққа кітап табыс етіп, бөлім меңгерушілері А.Т.Жүнісова мен А.Р.Валиулина да олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына ризашылықтарын білдірді.