Рухани қазына ғасырдан-ғасырға: сирек басылымдар көрмесі
2013 жылдың 3 қазанында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Облыстық Санақ Комитетінде қызмет етіп жүрген Е.П.Михаэлис сынды саяси жер аударылғандардың көмегімен 1883 жылдың 3 қазанында іргесін қалаған қоғамдық кітапханаға 130 жыл толуына байланысты «Рухани қазына ғасырдан-ғасырға» тақырыбында кең көлемде сирек басылымдар көрмесі ұйымдастырылды.
Өткізілген уақыты: 3 қазан 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар: Медицина университетінің 3 курс студенттері, кітапхана оқырмандары. Қатысушылар саны:27 адам. Шараның мақсаты: кітапхананың ірге көтерілген уақыттан бастап сақталған алтын қор болып саналатын сирек басылымдармен оқырмандарды таныстыру.
2013 жылдың 3 қазанында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында Облыстық Санақ Комитетінде қызмет етіп жүрген Е.П.Михаэлис сынды саяси жер аударылғандардың көмегімен 1883 жылдың 3 қазанында іргесін қалаған қоғамдық кітапханаға 130 жыл толуына байланысты «Рухани қазына ғасырдан-ғасырға» тақырыбында кең көлемде сирек басылымдар көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхананың ғасырлар қойнауынан аман сақтап келе жатқан сирек жәдігерлері «Рухани қазына ғасырдан-ғасырға» көрмесінің «Ғылым-білім ордасында», «Туған өлкем тұнған тарих», «Абай және орыс әдебиеті», «Әлем жауһарлары», «Мерзімді басылымдар», «Анықтамалықтар әлемі» бөлімдерінен көрініс тауып, шараға қатысушылар назарына ұсынылды. 130 жылдық тарихы бар кітапхананың бай қазынасымен жақын танысқан жас оқырмандар олардағы көркем безендіру, баспа ерекшеліктеріне ерекше назар аударып, ең қымбат және ең қолжетімді басылымдарды тамашалап, Граф Л.Н.Толстойдың, И.С.Тургеневтің, Н.В.Гогольдің, Айвазовскийдің, П.Чайковскийдің, әке А.Дюманың тағы басқа да әйгілі адамдар қолтаңбасын көріп, ерекше әсер алды. Көрмеден кітапхананың алтын қорынан 215 дана сирек басылым көрініс тапты.