Бейбітшілік пен рухани келісім: көрмесі
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 13 қазан 2013 жылы «Бейбітшілік пен рухани келісім» тақырыбында мерзімді басылымдар көрмесін ұйымдастырды.
Өткізілген уақыты: 13 қазан 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар:кітапхана пайдаланушылары. Мақсаты: кітапхана пайдаланушыларына 1892 жылғы І Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі (БРКК) туралы, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстандағы Рухани келісім күнін бекіту туралы ақпарат беру.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 13 қазан 2013 жылы «Бейбітшілік пен рухани келісім» тақырыбында мерзімді басылымдар көрмесін ұйымдастырды.
Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресінің бастамасымен қазақстандық күнтізбеге қоғамдық маңызы бар күн: 18 қазан – Рухани Келісім Күні енгізілді. Бүгінде Рухани келісім күнін қазақ елімен бірге, Еуропаның көптеген елдері де атаусыз қалдырмайды.
Қазақстанның егеменді, зайырлы және демократиялы ел ретінде пайда болғанына бір жыл толмай тұрып, 1992 жылдың қазан айында, Алматыда Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен Бірінші Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресі өткізілді. Елбасы 18 қараша күнін жанжалдар мен қақтығыстарға мораторий, адамдар арасында өзара түсіністік, рақымшылық және жақыныңа көмек көрсету күні деп жариялауға шақырды. «Дінаралық келісім — біздің халықтарымыздың бірлігінің негізі», — деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Ұйымдастырылған көрмеде мерзімді басылымдардың 18 атауы және ғаламтордан алынған ақпараттар қойылды. Олардың ішінде: «Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясындағы сөзі», – Мысль – 2010ж – N11. «Мир на Земле во имя всех нас» – Казахстанская правда, – 2012ж. 19 қазанда жарияланған мақалада Астанада өткен I Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгрессінің 20-жылдығына арналған «Мәдениетке Бейбітшілік арқылы» атты халықаралық конференция туралы. «Разные религии – один народ» – Наше дело, 2012, 1 қараша – облыстар бойынша өткізілген Рухани келісім күніне арналған іс-шараларға шолу жасалған. Мерзімді басылымдар көрмесі 2013 жылдың 18 қазанына дейін оқырмандар назарына ұсынылады.