Жазушы, драматург Дулат Исабековпен онлайн кездесу
Абай атындағы кітапхана Instagram парақшасында жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековпен тікелей эфир өткізді.
Эфир барысында жазушы, Дулат Исабеков өз азаматтық позициясы, ел болашағы туралы, ұлттық құндылық, қоғам, мемлекет болашағы жайындағы ойын ортаға салды.
Онлайн кездесу барысында жазушы «Қарғын» романы, романдағы кейіпкерлер бейнесі, драматургия жанры жайында сөз қозғады. Драматургия жанрының ішкі интригасы, осы жанрда қалам тартуда дәстүрді қалай жалғастырып жатырмыз, шығармалардың қысқалығы мен нұсқалығында деп атап өтті.
Ұлттық қүндылықты сақтай алдық па, мәдениет саласы, рухани жаңғыру адам жанының жаңғыруы, жұтаң боп бара жатқан тілдердің жаңғыруы, ұмыт болып бара жатқан дәстүрлердің жаңғыруына тоқталды.
Жазушының пьесалары Лондонда жүріп жатыр, көптеген шетелдік театрлар жазушының шығармаларын сахналауда, осы әлемдік театрларда қазақ шығармаларының сахналануы үшін ұлттық дүние керек, қазақи дәстүрді жалғастыруымыз керек, ұлттық ерекшеліктерге, ортақ проблемаларға елең ететін шетелдік көрерменге қазақы дәстүрдің құндылығын ұсынуымыз керек деп өз ойын қорытындылады.