Қазақстан латын әліпбиіне көшуде: сирек кітаптар көрмесі
12 наурызда Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері пайдаланушыларға «Латын әліпбиіне көшу» жобасы аясында «Қазақстан латын әліпбиіне көшуде» тақырыбында шолу өткізіп, алтын қорымыздағы латын қарпіндегі сирек кітаптардан көрме ұйымдастырды. Алматы, Қызылорда, Тәшкеннен баспа көрген ғылымның барлық салаларын қамтитын латын қарпіндегі сирек кітаптар байлығымен көрме қонақтарының назарын өзіне тартты. Шара қатысушылары 1929—1940 жылдары ұлт зиялыларының қатысуымен еліміздің тарихында алғаш латын әліпбиінің қабылдануын көне түпнұсқа дереккөздер арқылы танып білді. Б.Майлиннің, А.Маметовтың, Ә.Ермековтың, І.Жансүгіровтың, Т.Шонанұлының, басқа да ұлт зиялыларының көзі тірісінде баспа көрген құнды мұраларымен қауышқан көрме қонақтары ерекше сезімге бөленіп, отбасы мүшелерін де көрмемен таныстырғылары келетіндіктерін білдірді.