Түбі бір түркі елі: тікелей эфир
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 2 сәуір күні Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы факультетінің оқытушысы, тарихшы, ғалым Амантай Исаұлымен «Түбі бір түркі елі» атты тақырыпта тікелей эфир өткізді.
Онлайн жүздесу барысында ғалым жалпы Түркі елдерінің шығу тарихы мен мекеніне қысқаша тоқтала кетіп, негізі тақырып ретінде башқұрт халқының тарихына назар салуды жөн көрді.
Башқұрт халқының бұрынғы тарихы мен қазіргі кезкеңін салыстырмалы түрде сипаттап, оның мәдениеті мен әдебиетін, көрген қиыншылығымен қазірге жеткен жетістіген тарихи кезеңмен салыстырып атап өтті.
Сұхбат соңында Амантай Исаұлы оқырмандар сауалына жауап беріп, кітапхана ұжымына, сұрақ қоюшы қауымға алғысын айтып, сөзін аяқтады.