Мүмкіндігі шектеулі жандарға ағылшын тілі курсы
2013 жылдың 23 қазан Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында мүгедек жандарға арналған ағылшын тілі курсы басталды.
Өткізілген күні: 23 қазан 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімі. Қатысушылар:Семей қаласының мүгедек жандары. Қатысушылар саны: 6. Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедек жандарға қызмет түрлерін , қоғамға деген қызығушылығын ұйымдастыру, күнделікті өмірде сөйлей алатындай ағылшын тіліне үйрету.
2013 жылдың 23 қазан Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында мүгедек жандарға арналған ағылшын тілі курсы басталды.
Мүгедек жандарға көмек қазіргі жоғары дамыған қоғамда негізгі тапсырма: көптеген адамдар жарақат, туа біткен ауытқушылық, созылмалы аурулардан зардап шегеді. Дүниежүзілік білім бағдарламасына сәйкес үкімет жағынан көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. 2011-2020 білім беру бағдарламасында балаларды және мүмкіндігі шектеулі жандарға білім беру , қоғамда барлық жағдайын жасау, оқыту процесіндгі қиындықтарда жеңу сұрақтары қаралған. Осы пайдалы бағдарламаны «Библиокөмек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға шетел әдебиеттер бөлімі ақысыз ағылшын тілі курсын ашты.
Курстың мақсаты:
Ағылшын тілін үиренушілер
Өз ойын еркін жеткізу
Ағылшын тілінде әңгімелесу
Құжатты ағылшын тілінде толтыру
Ағылшын тіліндегі сайттарға кіріп, қолдану
Интернетпен жоғарғы денгейде жұмыс істеу
Бірінші сабақ ағылшын тілі әріптерін үйреніп , олардың айтылуымен танысты.
Курсқа қатысушылардың жасы 9 жастан 65 жас аралығында.Олар: Куанова Жанна, Наймангожина Орынбике, Абулкасимова Раушан, Рафикова Эльмира, Тохтахунова Томирис, аубакирова Адина.
Бастысы адам жасы емес, білімділікте. Курсқа қатысушылардың деңгейін арнайы түрде тест арқылы тексеріліп, олардың ағылшын тіліндегі сауаттылықтары сараланды.
Сабақта көрнекіліктер, слайдтар, компьютер қолданылды.Келесі сабақтарда грамматика саласын оқу басталады.