Жемқорлық-індет, жою міндет: дәріс
16 наурызда Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының «Парасат жолы» орталығында ҚР Судьялар одағының мүшесі, отставкадағы судья Марат Ақторғайұлы Азанбаев «Жемқорлық-індет, жою міндет!» тақырыбында дәріс өткізді.
Еңбек жолын заңгер қызметінен бастаған Марат Ақторғайұлы алдымен өзін таныстыра отырып, маман өз қызметіндегі іс-тәжірибесі мен қоғамдағы қайшылықтарды салыстыра отырып, жемқорлықтың індет екенін, оны жоюда қоғам болып ат салысудың маңызын атап өтті. Жалпы жемқорлықтың пайда болу тарихын, оның барлық ғасырларда болғандығын және адамзаттың пендешілікке салынып осы індеттен арыла алмай отырғандығы туралы сөз қозғады. Жемқорлыққа байланысты күнделікті өмірден көптеген мысалдар келтірді.
Көркем әдебиет оқу арқылы адам өз білімін, парасатын жоғарылатып, тәрбиенің рөлі тал бесіктен басталатынына ауқымды мағлұмат берді. Сол кездегі қазақ қоғамының дала заңы «Абай жолы» роман эпопеясыда басынан аяғына дейін жазылғандығына, дана Абай атамыздың әрбір айтқан сөзі бүгінгі қоғамға ауадай қажет екенін дәлдікпен салыстыра отырып жеткізді.
Дәріс соңында тақырыпқа қатысты мәліметтер алып, өмірден, қоғамнан тың деректер тыңдаған кітапханашылар алғыстарын айтып, тарасты.