«Шығыс – Адалдық алаңы»: ақпараттық стенд
21 сәуір күні Абай атындағы кітапханада «Шығыс-Адалдық алаңы» тақырыбында ақпараттық стенд ұйымдастырылды. «Шығыс-Адалдық алаңы» – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою миссиясына негізделген жоба, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Шара барысында «Шығыс-Адалдық алаңы» жобасының негізгі міндеттері мен атқарылып жатқан жұмыстары жайында ақпарат берілді. Адалдық, әділдік жолындағы басты құндылығымыз – қоғам, ал қоғамды өзгертер күш –білім мен адал еңбек екенін түсіндіре отыра, өскелең ұрпақты жемқорлық зұлымдығына қарсы бірлесе әрекет етуге шақырып, адалдыққа тәрбиелеу.
Сонымен қатар, қатысушылар кітапхана қорындағы жемқорлыққа қарсы сипаттағы кітаптар мен мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалардан жасақталған кітап көрмесімен және стендтегі мәліметтермен танысты.