Алашорда тарихындағы Семей қаласы: бейнелекциясы
Ағымдағы айдың 21 күні ШҚО Абай атындағы кітапханасының ұйымдастыруымен әр аптаның сәрсенбісіне жоспарланған «Алаш» жобасы аясында Zoom платформасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық унивеситеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т. ғ.к., Сайлаубай Ерлан Ерназарұлының «Алашорда тарихындағы Семей қаласы» тақырыбындағы бейнелекциясын ұсынды.
Дәрістің басын Ерлан мырза негізі тақырыбыптың бағытын екіге бөліп қарастыратынын айтып бастады. Бірінші бағыт ол – ел тарихындағы Семей қаласының өзіндік алатын орны болса, екінші бағыт Алаш зиялыларының ордасы болған осынау киелі шаһардың жұрт білмейтін жақтары жайлы еді.
Кез-келген ұлттың тарихында орын алған жағдай белгілі бір аумақта болып, сол елдің тарихи мекеніне айналаттыны секілді біздің еліміздегі Алаш арыстарына рухани астана болған Семей қаласының ел тарихында алатын орыны ерекше дейді Ерлан Ерназарұлы.
Алаш көсемі Әлихан Бөкейханұлы «Алаш идеясының негізі – Абай» десе, өткен жылы президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы жылдың басында және Ұлы ақынның туған күніне орай екі мақала ұсынса, соның екеуіде Абайды ұлттық брендімізге айналдыру және ұлылар туған мекенге тарихи қала статусын беру жөнінде сөз қозғалған болатын. Түсінгеніміз ұрпақтар үндестігі жалғасып, ресми түрде берілмеген атты тарих әлде қашан беріп қойған.
Шара барысында көптеген талқыланбаған мәселелердің басы шалынып, біз білмейтін қала тарихына байланысты тың деректер айтылып, Алаш арыстарының осы мекен жайында айтылған пікірлері және жазба деректерінде кездесетін мәліметтері жайында сөз қозғалып, ақпаратқа қанық етті.