Әлихан Бөкейхан және алаш тақырыбының Батыста зерттелуі: бейнедәріс
2021 жылдың 12 мамыр күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының ZOOM платформасында әр сәрсенбі күні «Алаш» жобасы аясында өткізілетін тікелей эфирін Анкара Қажы Байрам Вели Университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлжанат Құрманғалиева-Ерджиласунмен «Әлихан Бөкейхан және алаш тақырыбының Батыста зерттелуі» тақырыбында тікелей эфирде бейнедәріс өтті.
Саналы ғұмырын ұлтына арнаған, халқының келешегін ойлаған, әрі сол жолда басын бәйгеге тіккен аяулы тұлға – Әлихан Бөкейхан және алаштың басқа елдерде зерттеліп жүргендігін тарихи деректер арқылы тілге тиек етті.
1964 жылы Парижде жарыққа шыққан Александр Бенингсеннің «1920 жылға дейінгі Ресейдегі мұсылмандар арасындағы баспасөз және ұлттық қозғалыс» атты еңбегі Әлихан Бөкейхан және алаш туралы ерекше мағлұмат береді. Батыста бұл еңбек ерекше бағаланып, алашқа, әсіресе Әлихан Бөкейханға қатысты көптеген мағлұматтар жазылғандығы айтылды.
Батыста Ә. Бөкейхан және алаш туралы Зәки Уәлиди Тоғанның еңбектерінен, Баймырза Хаиттің 1950 жылы Мюнстер университетінде қорғалған «Қоған мен Алаш Орданың ұлттық үкіметтері» атты докторлық дисертациясы арқылы танысқан. Батыстың басқа да ғалымдары Елизавет «Ресейдің үстемдігі астындағы Орта Азиялықтар» кітабы, Едвард Олворттың «Орталық Азияда Ресейдің үстемдігіне 130 жыл тарихи шолу», «Шортанбай Қанайұлы мен Зар заман ақындарының» өлеңдері орнының ерекше екендігі айтылды. Сонымен қатар Марта Брин Олкогг өзінің «Жалпы қазақ туралы» жазылған еңбегінде Алаш және Әлихан туралы біраз мағлұматтар берген. Стивен Саболдың тәуелсіздік алғаннан кейін 2003 «Ресейлік отарлау және қазақтың ұлтық санасының генезисі» атты еңбегі жарыққа шығып, оның әр тарауы Алаш Ордаға, Ә.Бөкейханға арналған. Осы кітапта Ә.Бөкейханға жоғары баға бергендігі айтылды. Бұл зерттеу еңбегі қазақ зиялыларының мерзімді басылым беттеріне жарияланған және Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінен мұрағаттық жазбалардан алынған. Сонымен қатар, Ян Кэмпбелл, Питер Роттиер, Адеб Халид, Зәки Уәлиди Тоғанның 1942 жылы басылған «Бүгінгі Түркіелі (Түркістан)» және оның жақын тарихы, 1969 жылғы «Естеліктер» сияқты танымал ғалымдардың еңбектерінде аталған тақырыптарда мағлұматтар берілген.
Өткізілген бейнедәрісті қорытындылай келе, түйген ойымыз: Батыста алаш туралы кітаптардың құндылығы және зерттеулер басқада мемлекетерде кеңінен танылып жатқандығы қуантады. Келешекте осы аталған еңбектер қазақ тіліне аударылатын болса, «Алаш» электрондық кітапханасының қоры толығатына зор үмітпен қараймыз.