Денсаулық – өмір салты: кітап көрмесі
20 мамыр күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасында әлеуметтік- қажетті ақпараттар лекториясының «Экология және денсаулық» бөлімі аясында «Денсаулық-өмір салты» атты тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапхана оқырмандары көрмеге шолу барысында кітапхана қорындағы денсаулық, экология, салауатты өмір салтына бағытталған кітаптармен танысты. Көрмеге салауаттылық өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытындағы кітаптар қойылды. Оқырмандар назарын аударған бірнеше кітапқа тоқтала кетейік. Атап айтар болсақ, бұл бүкіл жер шарын дүр сілкіндірген короновирус пандемиясы жайлы И.С.Прокопенконың «Короновирус. Вирус-убийца», А.Сазановтың «Короновирус и другие инфекции. Covарные реалии мировых эпидемий», Г.Икіманованың «Саулық пен сымбат», У.Жарқынбайдың «Ас-адамның арқауы», «Денсаулық» энциклопедиясы, А.Каррдың «Единственный способ бросить курить навсегда», И.Костинаның «Диета омоложения. Легкость тела и сияние кожи».
Салауатты өмірді таңдау дегеніміз – шылым шекпеу, арақ ішпеу, есірткі қолданбау, спортпен айналысып, шынығу. Сондықтан қазірден бастап, денсаулығымды мықтап ұстап, ауырмай, жаман әдеттерден аулақ жүру керек.