Мәдениет және өнер қызметкерлері күні құтты болсын!
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні біздің кітапхана облыстағы кітапханашылықты дамытуға қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің және Семей қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерзімді басылымдар бөлімінің жетекшісі Манжибаева Жаңылгүл Әділбекқызы өскелең ұрпақ үшін тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Райымкулованың алғыс хатымен марапатталды.
Әріптесімізді марапатымен шын жүректен құттықтаймыз және оған шығармашылық табыс, жаңа биіктер мен жарқын идеялар тілейміз!