Қазақстандағы әлеуметтік жобалар: кітапханалық сабақ
29 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында кітапханалық сабақ өткізілді.
Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар: кітапхана қызметкерлері. Қатысушылар саны: 36 адам. Мақсаты: әлеуметтік жобалар бойынша өткен республикалық тәжірибелік конференцияға қатысу туралы есеп. Күтілетін нәтиже: қоғам назарын Қазақстандағы мүгедек жандарды қоғамдық ортаға әлеуметтік бейімдеудің мәселелеріне аудару.
29 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында кітапханалық сабақ өткізілді. Күн тәртібінде кітапхана қызметкерінің Қазақстанда іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалар бойынша республикалық тәжірибелік конференцияға қатысуын талқылау болды. Республикалық тәжірибелік конференцияға кітапхана қабырғасында жүзеге асырылып жатқан «Книгоноша» әлеуметтік жобасының авторы – Адикаева Р.Х. қатысты.
Кітапханалық сабақ барысында бірінші республикалық тәжірибелік конференцияға қатысу есебі берілді. Жоба авторының айтуы бойынша, бұл конференцияны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры» АҚ бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияға ҚР Үкіметінің, ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Парламенті және халықаралық ұйымдар қатысты. Тәжірибелік конференция «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты байқау аясында өткізілді. Конференцияның ашылу салтанатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Қасымқызы Дүйсенова «Әлеуметтік жаңғырту жағдайындағы әлеуметтік жұмыстардың өзекті мәселелері» атты баяндамасын оқыды. Тамара Дүйсенова өзінің үндеуінде қатысушылардың назарына мұндай шараның елімізде алғаш рет өткізіліп тұрғанын және алдағы уақытта да шара дәстүрге айналатындығы жайында мәлімдеді. Сонымен қатар, Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің төрағасы Бижанов А.Қ., Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ферхо С.И., «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Еримбетов Н.К., БҰҰДБ Тұрақты Өкілінің орынбасары Паниклова Е. құттықтау сөз сөйледі. Конференцияның негізгі бөлігінде әлеуметтік қолдау бойынша Қазақстанда іске асырылып жатқан жобалардың, атап айтқанда: жастар, балалар мен жеткіншектер, отбасы (отбасылық профилактика), дағдарыс жағдайындағы әйелдер мен ерлер, егде жастағылар, мигранттар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мәселелері қаралды. Конференцияға барлығы 17 жоба қатысты, әрбір жоба ролик, слайд-шоу арқылы көрсетілді. Олардың ішінде «Книгоноша» жобасы да көрермендер назарына ұсынылды. «Книгоноша» жобасында мүгедектерді әлеуметтік оңалту – мүмкіндігі келгенше күнделікті өмірге, еңбекке бейімдеу құралы болып табылады. Әлеуметтік оңалтудың негізгі мақсаты – мүгедек жандарды қоғамға бейімдеу. Конференция соңында өздерінің әлеуметтік жобаларын ұсынған әрбір қатысушы Қазақстандағы әлеуметтік қорғаушылар күні мерекесіне орай «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.
Тәжірибелік конференцияға қатысушылар «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» бірінші республикалық байқаудың марапаттау рәсімі үшін Тәуелсіздік Сарайындағы гала-концертке шақырылды.
Кітапхана әкімшілі мен кәсіподақ комитеті Р.Адикаеваны республикалық конференцияға қатысып, «әлеуметтік еңбек саласының үздігі» атағын иеленген медалімен құттықтап, ризашылықтарын білдірді.