Алаш арысы – Райымжан Мәрсеков: еске алу кеші
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 28 мамыр ШҚО Абай атындағы кітапханасында «Алаш арысы – Райымжан Мәрсеков» атты тақырыпта еске алу кеші ұйымдастырылып, Алаш арысының жиен немересі Сара Төлегенқызы қонақ болып, атасының қилы тағдыры жайлы сөз сөйлеп, қатысушыларға ұлт зиялысы өмірінен тың ақпараттар берді. Кешке Елбасы медалі Жобасының қатысушылары қатысты.
Аталмыш шараның мақсаты: өскелең ұрпаққа саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу, қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған өлкеміздің танымал тұлғалары туралы мәлімет беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ж.Чушекова саяси қуғын-сүргін күнінің қазақ халқы үшін маңыздылығы туралы айта келе, қарастырып отырған тақырыбымыз тарихымыздың ең қайғылы және қасіретке толы кезең екенін, ұлтым деген ұлдардың ғұмырын қиғанын атап, қазақ даласының, ұлттың гүлін құртып, көптеген жүз мыңдаған адамдардың өмірін үзіп, генофондына орны толмас зиян келтіргенін тілге тиек етті.
Шара алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, заңгер, публицист, қазақтың мүддесін көздеп, ұлтымыздың жарқын болашағы үшін күрескен, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін Ж.Ақпаевпен қатарлас бітірген Райымжан Мәрсековтің өмірі мен қайраткерлік қызметіне арналды.
Мерзімді басылымдар бөлімінің жетекшісі Манжибаева Жаңылгүл Әділбекқызы қатысып, Райымжан Мәрсековтің ұлт болашағы үшін істеген қайраткерлік қызметіне тоқталды.
Шара аясында Райымжан Мәрсеков туралы деректі фильм көрсетіліп, «Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі» әні шырқалды.
Шара соңында «Тауқымет пен тағзым» атты кең көлемді кітап көрмесі жасақталып, шолу жасалды