Әлихан Бөкейхановтың Семейдегі туыстары: бейнедәріс
2021 жылдың 2 маусымында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының ZOOM платформасында Еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып, әр сәрсенбі күні «Алаш» жобасы аясында өткізілетін тікелей эфирін Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Мұхтарбек Кәрімов Қарпықұлымен «Әлихан Бөкейхановтың Семейдегі туыстары» тақырыбында тікелей эфирде бейнедәріс өтті.
Аталмыш шара барысында Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист, «Алаш» партиясы көшбасшыларының бірі Әлихан Бөкейханның Семейде «Алаш» партиясын ұйымдастырып, Алаш орда үкіметін құруға ұйытқы болғандығы туралы айтылды. Бүгінде оның осы өмір жолы, қоғамдық саяси қызметі Семей қаласымен тығыз байланыста. Ұйымдастырылып отырған бейнедәрісте ұлы тұлғаның Семейдегі туыстары, Бөкейдің ұрпақтары туралы тілге тиек етті. Әлихан алты ағайынды болған, нағашы жұрты тобықты елі екендігі туралы тың ақпараттар берілді. Шәкәрім қажымен Әлихан екеуі бөле туыс болып келеді.
Бейнедәрісте Әлиханның туыстарынан сыр шертетін слайд шоу көрсетіліп, қазіргі уақытта Семей қаласында туыстарының бар екендігін айта отырып, олардың әр түрлі ғылым саласында қажырлы еңбек етіп жүргендігіне тоқталып өтті.