All Hallows Eve (Барлық әулиелер кеші) – Hallowen
2013 жылы 30 қазан күні Шығыс Қазақтан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімінде «All Hallows Eve» («Барлық әулиелер кеші») – Hallowen мейрамына арналған мерекелік іс- шара болып өтті.
Өткізілген күн: 30.10.2013. Өткізілген орын: Шығыс Қазақтан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар: Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары, оқушылары, «Linguatown» тіл орталығы және М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері. Қатысушылар саны: 52. Мақсаты: ағылшын тілді халықтардың мейрамын өскелең жастарымызға таныта түсу. Осы мейрамдар арқылы ағылшын тілінде сөйлеуді шыңдай түсу.
2013 жылы 30 қазан күні Шығыс Қазақтан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімінде «All Hallows Eve» («Барлық әулиелер кеші») – Hallowen мейрамына арналған мерекелік іс- шара болып өтті. Бұл мейрам сонау христиандық дәуірге дейінгі кезеңде қазіргі Англия мен Ирландияның, сондай-ақ, Францияның аумағында кельт атты жұрт өмір сүрген кездерде пайда болған. Яғни, Хеллоуин мейрамының негізгі бастауы кельттер ошағынан басталған. Қазіргі таңда Хэллоуин (Halloween) – АҚШ-та Рождестводан кейінгі орында тұрған, ағылшын тілді халықтардың жаппай тойлайтын мерекесі.
Мерекені қызықты етіп өткізу үшін, бөлім қызметкерлері кітапхана мүмкіндіктерін ескере отырып, әртүрлі байқаулар ұйымдастырды. Алдын ала «үй тапсырмасы» берілген болатын. Бірінші үй тапсырмасы Хеллоуин мерекесіне «Jack-o-lanterns» яғни, асқабақтардан қорқынышты шамдар жасау болатын. Екінші тапсырма аталмыш мейрамның мән-мағынасын ашатын киімдер шеруін көрсету болатын. Бұл тапсырмаларға барлық қатысушылар өте жоғары дәрежеде дайындалып, әркім өзінің туынды еңбектері мен киімдерін таныстырып, қорғай білді. Кешке қатысушы оқушылар мен студенттер мейрамға арналған ағылшын тілінде өлеңдер оқыды. Қатысушылар еңбегін әділ бағалау үшін әділқазылар алқасы құрылды.
Арнайы дайындалған байқаулар қорытындысын әділқазылар кеш соңында қорытындылай келе «Қорқыныш ханымы» Ыбрайымова Ырымгуль және «Қорқыныш мырзасы» Тілеп Қуантай екендігін анықтап, «қорқынышты асқабақтар шеруіндегі» ең ғажап мүсінделген асқабақ иелері Базарбаева Балнұр, Смагулова Амина, Ядкарова Аида, Мустакимова Раминаларға кітапхана атынан сыйлықтар үлестірді. Аталмыш кешке шетелдік оқытушылар Камус, Зэк, Джейн, Брайн, «Linguatown» тіл орталығының директоры Е.Михеева ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіре отырып, алдағы уақытта осындай мейрамдарды бірге өткізуге ұсыныс білдірді.