Парасат жолы – адалдық алаңы: ақпараттық сағат
20 тамыз күні Абай атындағы кітапханада кітапхананың заңгері Қуатбек Берікболұлы Исабековтың қатысуымен Ұлттық ұлан №5511 әскери бөлімі сарбаздары үшін “Парасат жолы – адалдық алаңы” тақырыбында ақпараттық сағаты өткізілді.
Қуатбек Берікболұлы Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің алғашқыларының бірі болып “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңды қабылдағанын және мемлекетіміздің елімізде сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына кедергі жасау міндетін атап өтті. Өз сөзінде ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен айналысатын мемлекеттік органдар құрылымдарының қызметін талдап, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жаза түрлерін және олар үшін жауапкершілікті егжей-тегжейлі ашты.
Ұлттық ұлан 5511 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімі бастығының аға көмекшісі, майор Айтуғанов Дархан Бекмұхаметұлы өз сөзінде әскери қызметшілердің мәртебесін атап өтіп, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түрлерін, Қарулы Күштерде кездесетінін және бөлімде офицерлік құраммен қылмыстың осы түрін болдырмау бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Ақпараттық сағат барысында сыбайлас жемқорлық тақырыбы барлық уақытта да өзекті екендігіне баса назар аударылды. Абай “Қара сөздерінде” де сыбайлас жемқорлық мәселелерін көтергенін, Н. В. Гоголь өзінің “Ревизор” шығармасында сыбайлас жемқорлық жамандықтарын мазақ еткенін және “Жеті жарғы” бірінші дала Конституциясының төртінші бөлімінде Сыбайлас жемқорлық мәселелері қаралғаныны туралы кітапхана маманы О.Мальцева ақпарат берді.
Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қылмыстарымен күресі және проблемаларын ашатын «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалармен кітаптар ұсынылды.